Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 753.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен шаруашылық жүргізуші субъектілерді барлық тексерулердің бірыңғай статистикалық есебін жүргізуге арналған жеке еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы

 

тартатын жеке тұлғалардың қызметіне ақы төлеуге Қазақстан Республикасының

Бас Прокуратурасына 10 (он) миллион теңге бөлсін;

     бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз

етсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Багарова Ж.А.