Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 мамыр N 674. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.27. N 889 қаулысымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

       Ескерту. Кіріспеден сөздер алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қоса берiлiп отырған Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн науқастар түрлерінің және амбулаториялық емдеу кезiнде дәрi-дәрмек пен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн толықтыру құқығы берiлсiн. <*> 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.10.18. N 1555   қаулысымен , 2004.04.21. N 443  қаулысымен .  
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын: 
      1) СССР Министрлер Советі мен ВЦСПС-тің "Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға қатысқан адамдарға медициналық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту шаралары туралы" 1990 жылғы 31 наурыздағы N 325 қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақ ССР Министрлер Советi мен Қазақ Республикалық Кәсiптiк Одақтар Советiнiң 1990 жылғы 17 мамырдағы N 197 қаулысы (Қаз.КСР-iнiң ҚЖ, 1990 ж., N 4, 82-құжат). 
      2) "Дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлық түрлерiнiң бөлшек сауда бағаларын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қарашадағы N 939
қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 44, 645-құжат). 
      3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527  қаулысымен  бекiтiлген "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға оларға байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiнiң" 8-бөлiмi (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат).
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң     
2000 жылғы 5 мамырдағы           
N 674 қаулысымен              
бекiтiлген                   

                   Тұрғындардың жекелеген санаттарын
             науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен
             және балаларға арналған және шипалы тағамдық
               арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң
                            ЕРЕЖЕСI

       Ескерту. Мәтiндегi "Денсаулық сақтаудың аумақтық органдары", "аумақтық қаржы органдарымен", "аумақтық қаржы органдарына", "денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен" және "денсаулық сақтаудың аумақтық органдарына" деген сөздер тиiсiнше "Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергілікті органдары", "жергiлiктi атқарушы органдармен", "жергіліктi атқарушы органдарға", "денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергіліктi органдарымен" және "денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .

       1. Осы ереже тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен (бұдан әрi - дәрi-дәрмек және арнаулы тағам) қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi. <*> 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .
      2. Дәрi-дәрмекпен және арнаулы азық-түлiкпен тегiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада белгiленген тәртіппен азаматтарға, олардың тұрғылықты жерi бойынша дәрілік көмектің қол жетiмділiгiн қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, дәрi-дәрмек пен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiктi бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаларды (бұдан әрi - берушi) таңдау жүзеге асырылады. <*>
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .
      3. Дәрi-дәрмек пен арнаулы азық-түлiктi тегiн босатуды амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрi - медициналық ұйымдар) дәрiгерлерiнiң рецептерi бойынша берушілер жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .
      4. Жабдықтаушылар арнаулы тiркеу журналында 3-қосымшаға сәйкес тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды беру рецепттерiнiң есебiн жүргiзедi. Дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатумен байланысты шығыстар жабдықтаушыға мемлекеттiк сатып алулар туралы шартпен белгiленген баға бойынша өтеледi. 
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .
      6. Рецепт бланкалары Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орталық атқарушы органның бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша, рецепттер бланкiлерiн есепке алудың арнаулы кiтабында (бұдан әрi - есеп кiтабы) тiркеледi. Есепке алу кiтабын медициналық ұйымның жауапты адамы жүргiзедi. Берiлген рецепт бланкiлерiн есепке алу кiтабының беттерi нөмiрленуi, баулануы, қағаз пломбамен бекiтiлуi, мөрмен расталуы және медициналық ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамның қолы қойылуы тиiс. 
      7. Тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатуға берiлетiн рецепт, Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орталық атқарушы органның бұйрығымен бекiтiлген нысандағы бланкiде, бiр данада жазылады. 
      Онда дәрi-дәрмектiң немесе арнаулы тағамның бiр атауын ғана жазуға рұқсат етiледi. 
      Науқастың жағдайына қарай дәрiгер дәрi-дәрмектiң бiр немесе бiрнеше түрiн жазады. 
      Рецепт бланкiсінде денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергілікті органдарымен өткiзiлген конкурстың қорытындылары бойынша дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды жеткiзу және босату шартын жасасқан жабдықтаушының мекен жайы қосымша көрсетiледi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен
      8. Дәрiгер жазылған рецептiні амбулаториялық науқастың медициналық картасына және жазылған рецепттердi тiркеу журналына тiркеуi тиiс. Берiлген рецепттiң түбiртегi медициналық ұйымда немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамда қалады. 
      Жазылған рецепттердi тiркеу журналын журналды жүргiзуге жауапты адам жүргiзедi, оның беттерi нөмiрленуi, баулануы, қағаз пломбамен бекiтiлуi, мөрмен расталуы және медициналық ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамның қолы қойылуы тиiс. 
      9. Рецепттердiң қолданылу мерзiмi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органымен бекiтiлген дәрi-дәрмектер мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сату ережелерiмен белгiленедi. Жабдықтаушыда рецептте көрсетiлген дәрi-дәрмек немесе арнаулы тағам болмағанда, рецепттiң қолданылу мерзiмi бiткен соң, науқас бұрын жазылған рецепттi қайтарады және қажет болған жағдайда емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша, осы дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамға жаңа рецепт алады. 
      Жазылған рецепттердi есепке алу журналының тиiстi бағанында, науқастың рецепттi қайтарғандығы туралы, қайтарылу себебi көрсетiлiп, белгi соғылады. Қайтарылған рецепттер тігiледi және берiлген рецепттердiң есебi үшiн жауапты адамда сақталады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен
      10. Дәрiгер дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды тегiн босатуға жазып берген рецепттiң негiздiлiгi мен дұрыстығына жауапты болады. 
      11. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергілікті органдары дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамға рецепттер берудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады. 
      12. Жабдықтаушылармен шартта көрсетiлген мерзiмде, дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатуға қабылданған рецепттердiң жиынтық тiзiлiмi осы ереженiң 4-қосымшасына сәйкес 2 данада жасалады, олардың бiреуi жабдықтаушыда қалады да, екiншiсi денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергілікті органдарына ұсынылады. 
      13. Дәрi-дәрмекпен және арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттiк қаражаттарды пайдалану туралы есептi денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша жергіліктi атқарушы органдарға ұсынады. Көрсетiлген есепке тегiн босатылған дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағам бойынша рецепттердiң жиынтық тiзiлiмi берiледi.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .

Тұрғындардың жекелеген               
санаттарын науқастарының түрлерi          
бойынша дәрi-дәрмекпен және            
балаларға арналған және шипалы          
тағамдық арнаулы азық-түлiкпен          
қамтамасыз етудiң                  
ережесiне 1-қосымша                 

Тұрғындардың жекелеген               
санаттарын науқастарының түрлерi          
бойынша дәрi-дәрмекпен және            
балаларға арналған және шипалы тағамдық     
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң     
ережесiне 2-қосымша                 

       Ескерту. 1,2-қосымшалар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.04.21. N 443  қаулысымен .       

      

--------------------------------------------------------------------Тұрғындардың жекелеген              
санаттарын науқастарының түрлерi        
бойынша дәрi-дәрмекпен және          
балаларға арналған және шипалы тағамдық     
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң     
ережесiне 3-қосымша              

              Дәрі-дәрмекті және балалардың арнаулы және 
            шипалы тағамын тегін босату бойынша рецептерді 
                         тіркеу журналы
-------------------------------------------------------------------
Айы, !Рецеп.!Дәрінің! Науқас!Рецепті жаз.!Науқас.  !  қолдары
күні !тің N !  құны ! түрі  !ған медици. !тың тегі,!---------------
     !      !       !       !налық ұйым. !аты-жөні !Алған !Босатқан
     !      !       !       !ның атауы   !мен ме.  !адам. !адамның
     !                                   !кен-жайы !ның   ! 
-------------------------------------------------------------------
  1  !  2   !   3   !  4    !     5      !    6    !   7  !   8
-------------------------------------------------------------------

Тұрғындардың жекелеген             
санаттарын науқастарының түрлерi        
бойынша дәрi-дәрмекпен және          
балаларға арналған және шипалы тағамдық     
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң     
ережесiне 4-қосымша              

          Тегін босатылған дәрі-дәрмек және балалардың
        арнаулы және шипалы тағамы бойынша рецептердің 
                     жиынтық тізілімі                       
                 (жабдықтаушы бойынша_____)
-------------------------------------------------------------------
Қай мерзімге  !Рецептердің !Босатылған дәрі-!Рецепті жазған медицина
___ден___дейін!NN          !дәрмектердің    !ұйымының атауы      
              !            !жалпы құны      !        
-------------------------------------------------------------------
   1         !     2      !        3       !          4
-------------------------------------------------------------------

       М.О. Құрастырушы:
       Басқарушы:                     2000 ж. "___"__________