Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 20 сәуір N 612. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1959  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 
      1-тармақ "лимитінің шегінде" деген сөздерден кейін "бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау саласындағы олардың функцияларын жаңадан құрылған Комитетке берумен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін қайта ұйымдастыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі