"Тараз қанаты" авиакомпаниясы", "Сыр сұңқары" ашық акционерлiк қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 541

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2014 № 43 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астана қаласында "Ақ Орда" опера және балет театрын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 114 P000114_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 41-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      екінші абзацтағы "мемлекеттік мекеме" деген сөздер "қазыналық мемлекеттік мекеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі