"Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 наурыз N 447

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006  қаулысына   мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік органдарының қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдап алу актісін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бекітуіне ұсынсын.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары