Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 наурыз N 445. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 818 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006  қаулысына   мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік органдарының қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдап алу актісін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бекітуіне ұсынсын.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары