Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеудің тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 наурыз N 432. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 ~P020647 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 заң күші бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж. N 12, 183-құжат; 1998 ж. N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 жылғы 3, 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3, 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990436_  Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;";
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.";
      5-бапта:
      екінші абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз "бірыңғай мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац алып тасталсын;
      6-баптың бірінші абзацындағы "қазақ немесе орыс тілдерінде жазылып, ... берілетін" деген сөздер "мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылып, ... берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкілетті органның шешімі не шешімінен үзінді, заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, қайта тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек немесе төлем тапсырылымы.";
      16-баптың бесінші бөлігіндегі "мемлекеттік" деген сөз "бірыңғай мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті