"Құтқарушы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 6 наурыз N 361

      Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы "Республикалық астық сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң "Қазтұқымсараптау" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынын қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң "Қазагрэкс" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсiпорынына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi айқындалсын.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы заңдарға сәйкес:
      астық пен оның өңделген өнiмдерiнiң сақталуын және сапасын сараптау, тиiстi сертификаттар бере отырып, астық пен оның өңделген өнiмдерiнің сапасын белгiленген тәртiппен сертификаттық сынау;
      жаңа егiн астығының сапасын бағалау және оны ұтымды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      ауыл шаруашылығы өсімдiктерi тұқымдарының сорттық және себу сапаларын тексерудi (сараптауды) және оларды құжаттауды жүзеге асыру деп айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi:
      Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн, оның басшысымен шарт жасассын және белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркеуiн өткiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзсiн;
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жанындағы Республикалық астық инспекциясын қайта ұйымдастыру туралы" 1999 жылғы 17 наурыздағы N 251 P990251_ және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Республикалық мемлекеттік тұқымдық инспекциясын қайта ұйымдастыру туралы" 1999 жылғы 17 наурыздағы N 252 P990252_ қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі