"Республикалық астық сараптау" және "Қазтұқымсараптау" Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 наурыз N 342

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Құтқарушы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы қызметінің төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелі бар ұйымдарда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстардың кешенін жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі