Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 қаңтар N 130

        Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.10 N 2071 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын";
      2) 2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі