Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің "Құлагер" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380 қаулысымен. ~P010380

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 қаңтар N 75

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 № 1359 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 1997 жылғы 1 сәуiрдегі N 3436 U973436_ Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап коэффициенттердi қолдана отырып лауазымдық жалақыларды есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақының мөлшерi 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі кезеңге 4600 теңге деңгейiнде бекiтiлсiн.
      2. Мыналар:
      саяси мемлекеттiк қызметкерлердiң, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының, маслихаттардың тұрақты (тексеру) комиссияларының хатшылары мен төрағаларының лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымы мен мемлекеттiк қызмет (жұмыс) стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффиценттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады;
      әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшілердiң лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санатының топтарына жатқызуға және мемлекеттік қызмет стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшін бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады деп белгiленсiн.
      3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі