Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметi арасындағы темiр жол көлiгiнiң қызметiн үйлестiру туралы Келісім

Келісім, Алматы қ., 1992 жылғы 16 қыркүйек

      *Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 73-құжат.

      Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметi, бұдан былай "Тараптар" деп аталатын болады:
      - темiр жол көлiгiне меншiктiң ажырамас хұқын растай отырып;
      - темiр жол көлiгi торабындағы технологиялық бiрлiктi сақтаудың тиiмдiлiгiн есептей келiп;
      - жолаушыларды, сондай-ақ өзара берiп тұратын және де үшiншi елдерге де берiп тұратын жүктердi тасымалдаудың ерекше маңыздылығын мойындай келiп;
      - екi мемлекеттiң темiр жол көлiгiнiң үйлесiмдi және бiрлескен қызметiне мән бере отырып, төмендегiдей келiсiмге келдi:

1-бап

      Екi мемлекеттiң темiр жол көлiктерiнiң функциональдық қызметi жылжымалы құрамдарды, техникалық құралдарды дайындап шығару мен күтiп ұстауда, қозғалыс қауiпсiздiгi мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде, тасымал жұмыстары мен жүктердiң сақталуын ұйымдастыруда, темiр жол көлiгiнiң оның қызметiн пайдаланушылармен және басқадай көлiк түрлерiмен өзара iс-қимылдарын жасауда бiрегейлi нормативтер бойынша жүзеге асырылады.

2-бап

      1. Тараптар үйлестiрiлген тариф саясатын жүзеге асырудың қажеттiгiн мойындады. Мемлекетаралық қатынастардағы тарифтер арнайы келiсiмдермен белгiленедi.
      2. Екi мемлекеттiң темiр жол станциялары аралығындағы жолаушылар мен жүктер тасымалы осы Келiсiмге қол қойылған кезге дейiн қолданылған нормативтiк құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Темiр жол көлiгiмен Қазақстан Республикасынан Беларусь Республикасы аумағы арқылы транзитпен өткiзiлiп және де Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өткiзiлiп үшiншi елге жеткiзiлетiн, сондай-ақ транзитпен басқа бiр елдерден екiншi басқа елдерге жеткiзiлетiн жолаушылар мен жүктер тасымалын ұйымдастырған жағдайда Тараптар (Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы заңдарымен санаса отырып) осы бағыттар бойынша қосымша транзиттiк жүктер тасқынын тарту мақсатында тариф және салық саясатын жасау үстiнде, қажет болған жағдайда тиiстi келiсiмдi ресiмдеп, өздерiнiң iс-қимылдарын үйлестiредi.

3-бап

      1. Тараптар КCPO мен басқа елдер арасында бұрын жасалған Yкiметаралық Келiсiмдерде, сондай-ақ КCPO қатысқан темiр жол көлiгi саласындағы Конвенциялар мен өзге де Келiсiмдерде белгiленiп, (егер олар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы заңдарына қайшы келмесе) қолданылып жүрген тәртiптi жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалдарын атқарғанда темiр жол көлiгiнде сақтауға келiстi.
      Мұндай Келiсiмдер мен Конвенциялардың тiзбесi Тараптардың жеке келiсiмiмен белгіленедi.
      2. Тараптар, екiншi Тараптың негiзгi мүдделерiне зиян келтiрмей, темiр жол көлiгi саласында өздерiнiң басқа елдермен де Келiсiм жасау хұқтарын сақтайды, және де ондай Келiсiмдер жасалған жағдайда, ол жөнiнде екiншi Тарапты хабардар етiп отыратын болады.

4-бап

      Тараптар:
      - Тараптардың құзырлы органдары жылжымалы құрамдарды, контейнерлердi, жабдықтар мен техниканы сатып алу, ұстау және жөндеу жөнiндегi өзара келiсiлген мiндеттемелерiн сақтауға;
      - жолаушылар тасымалдайтын поездар айналымын, вагондар мен жүк ағымдарының жүрiс бағыттарын, жүк поездарын құрастыру жоспарларын жасаудың қолданылып жүрген схемаларын сақтауға, ал оларды өзгертудi өзара Уағдаласумен жүзеге асыруға;
      - өзара мүдделердi экономикалық жағынан бағалау мен есепке алу, тасымалдау жұмысын әзiрлеу мен технологиялық параметрлерiн бекiту тәртiбiн белгiлеу жөнiнде Тараптар уәкiлдерiнiң, келiссөздер жүргiзiп отыруына мiндеттемелер алады.

5-бап

      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мемлекеттiк кәсiпорындары және ұйымдары, материалдық-техникалық жабдықтау органдары темiр жол көлiгi үшiн қажеттi техниканы, жабдықты, босалқы бөлшектер мен материалдық ресурстарды өзара берiп тұруды мемлекетаралық берiп тұру көлемiнде қамтамасыз етiп отырады.

6-бап

      1. Тараптар темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерiне қатысты әлеуметтiк саясат саласындағы iс-қимылды үйлестiру, әзiрленiп жатқан шешiмдер туралы бiрiн бiрi хабардар етiп отыру тиiмдi деп санайды.
      2. Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында темiр жол көлiгi қызметкерлерi үшiн бұрын белгiленген кәсiби жеңiлдiктердi сақтаудың мүмкiндiгiн зерделейдi.

7-бап

      Тараптар темiр жол көлiгiнде бiрегей ғылыми-техникалық саясатты үйлестiрiп, жүргiзетiн болады.

8-бап

      1. Тараптар темiр жол көлiгiнiң инженерлерiн, техниктерiн, сондай-ақ жаппай кәсiптiк кадрларын оқыту және олардың даярлық деңгейiне бiрыңғай талаптарды қалыптастыру саласында ынтымақтастықта болады.
      2. Оқу орнын бiтiргенi туралы бiлiктiлiк құжаттарының заңды күшi екi мемлекеттiң аумағында да бiрдей болады.

9-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулы мәселелер келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлетiн болады. Осы Келiсiмге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар хаттамалармен ресiмделедi, олар Тараптар бекiткен немесе келiскеннен кейiн осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып саналады.

10-бап

      Тараптар аталған Келiсiм Қазақстан Республикасының және Беларусь Республикасының немесе осы Келiсiмге қосылған басқа мемлекеттiң темiр жол тораптарымен өз темiр жол торабының технологиялық байланысы бар кез-келген тәуелсiз мемлекет Yкiметiнiң қол қоюы үшiн ашық деп мәлiмдейдi.

11-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және де Тараптардың бiрi Келiсiмнiң күшiн тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлағаннан 90 күн өткенге дейiн күшiн сақтайды.

      Алматы қаласында 1992 жылғы 16 қыркүйекте екi данадан, әрқайсысы қазақ, белорус және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық текстiң күшi бiрдей.

(Қолдары)