Қамауға алынғандармен қарым-қатынастың негізгі қағидалары

Бас Ассамблеяның 1990 жылы 14 желтоқсандағы 45/111 қарарымен қабылданды

      1. Барлық қамауға алынғандарға өздеріне тән абырой мен адам ретіндегі мәнділігі болғандықтан құрметпен қарау қажет.
      2. Нәсілінің, терісі түсінің, жынысының, тілінің, дінінің, саяси немесе басқа да көзқарастарының, ұлттық немесе әлеуметтік болмысының, мүліктік жағдайының, туа біткен белгілері немесе басқа да белгілер бойынша ешқандай да дискриминацияға жол берілмейді.
      3. Жергілікті жағдайлар талап еткен барлық жағдайда қамауға алынғандардың діни көзқарастарын, және де сонымен қатар мәдени салт-дәстүрлерін де құрметтеген абзал.
      4. Түрмелер белгілі бір мемлекеттің басқа да әлеуметтік мақсаттарына және қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқаты мен көркеюіне ат салысуға бағытталған негізгі міндеттеріне сәйкес қамауға алынғандарды асырау үшін, қоғамды құқық бұзушылықтардан қорғауға жауапты.
      5. Қажеттілігі түрмеге қамау дерегімен айқын шартталған шектеулерді қоспағанда, барлық қамауға алынғандар адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясында, аталмыш мемлекет қатысушы болған жағдайда, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактідеазаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде және оған Факультативті хаттамада белгіленген адам құқықтары мен негізгі бостандықтар, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да пактілерінде белгіленген тағы сол сияқты құқықтарды пайдалануға құқылы.
      6. Барлық қамауға алынғандар адамның жеке басының жан-жақты дамуына бағытталған мәдени және білім алу мақсатындағы қызметтермен айналасуға құқылы.
      7. Жаза ретінде жалғыз ұстау ережесінің күшін жоюы бойынша және ол ережені шектеулі түрде қолдану бойынша күш салу және күш салуды ынталындыру.
      8. Қамауға алынғандарға пайдалы табысты еңбекпен айналасу мүмкіндігін беретін жағдайлар жасау қажет, бұл мемлекет ішіндегі жұмыс күші нарығындағы реинтеграцияны жеңілдетуге септігін тигізіп, өздеріне және олардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
      9. Қамауға алынғандар заңды жағдайына байланысты дискриминацияға жол бермей сол мемлекетте бар медициналық қызметті пайдалануға құқылы.
      10. Қоғам мен әлеуметтік институттардың көмегімен және қатысуымен және жәбірленушілердің мүдделерін есепке алумен бұрын сотталып қамауда болғандардың барынша қолайлы жағдайларда қоғамға қайта оралуы, реинтеграциясы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.
      11. Жоғарыда берілген Қағидалар бейтарап қолданылады.