Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің жас публицистердің неғұрлым терең шығармашылық ізденістерін қолдауға арналған гранттары (стипендиялары) туралы ережені

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 21 шілде N 60. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2005.05.30. N 550 өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 
өкiмiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi мен шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегі N 630  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 352-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi туралы ережеде: 
      5-тармақтағы "ұйымдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iссапарларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын:
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. "Лауазымды тұлғаларды мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен шетелге iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімдерi бойынша жүзеге асырылады".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі