Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқығын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Респубикасы Президентінің 1999 жылғы 28 мамырдағы N 49 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      Астықтың мемлекеттік ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетімен бірлесіп "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысын белгіленген тәртіппен өткізсін және 1999 жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімде астықтың мемлекеттік резервінің бір бөлігі ретінде екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріндегі ақша нысанында сақтаулы 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ

 

долларын республикалық бюджеттің кірісіне жіберсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.