Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1998 жылғы 24 қазандағы N 4129


      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы" 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 2751 өкімінің күші жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан

 

Республикасы Президенті Әкімшілігінде Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты

әзірлеп, бекітсін.

     3. Осы өкімнің 2-тармағында қарастырылған нұсқаулықтың талаптары

мемлекеттік органдар, ұйымдар және мемлекеттік лауазым иелері үшін оларға

қатысты бөліктерінде міндетті болып табылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті