"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 206 өкімі

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындагы Шетелдік
инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23,
283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30,
292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-
құжат; 2010, № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат, № 54, 719-құжат, № 77-78, 1131-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындагы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

доктор Джейкоб Френкель       - «Джей Пи Морган Чейс Интернейшл»
                                директорлар кеңесінің төрағасы, «Джей
                                Пи Морган Чейс энд Ко.» басқарма
                                мүшесі және «Джей Пи Морган»
                                халықаралық кеңесінің мүшесі,

Крис Финлейсон                - «Бй Джи Групп» компаниясының бас
                                атқарушы директоры,

Мирослав Зелинский            - «Филип Моррис Интернэшнл, Инк.»
                                компаниясының бас басқарушы
                                тұлғасының орынбасары,

сэр Сума Чакрабарти           - Еуропаның Қайта құру және Даму
                                Банкінің президенті,

Хаиров                        - Қазақстан Республикасы Индустрия
Ерлан Қартайұлы                 және жаңа технологиялар
                                министрлігі Инвестиция комитетінің
                                төрағасы;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан П.Ф. Гуаргалини, К. Дидрихс, Дж. К. Зарира, А. Калантзопулос, Т. Миров, А.Ж. Серіков, К.С. Фаузи, Ф. Чапмэн шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев