Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкімет актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат; № 13, 146-құжат; № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат; 2010 ж., № 31, 235-құжат; 2011 ж., № 44, 575-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Әбденов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы даму және сауда министрі,
Көшербаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қырымбек Елеуұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары",
мына:
"Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы Министрінің бірінші орынбасары,
төрағаның орынбасары",
"Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы жаңа технологиялар министрі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ахметов - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы Премьер-Министрі, төраға",
"Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрі";
көрсетілген комиссия құрамынан К.Қ. Мәсімов, Г.Н. Әбдіқалықова, Б.Ә. Сағынтаев шығарылсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |