"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 26 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат, № 13, 146-құжат; № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат; 2010 ж., № 31, 235-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      Келімбетов - Қазақстан Республикасының

      Қайрат Нематұлы Экономикалық даму және сауда министрі,

      Әйімбетов - Қазақстан Республикасы Парламентінің

      Сейітсұлтан Сүлейменұлы Мәжілісі Экономикалық реформа және

      өңірлік даму комитетінің төрағасы

      (келісім бойынша);

      көрсетілген комиссияның құрамынан Ж.С.Айтжанова, В.Я.Бобров шығарылсын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев