Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 427 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 431 өкімі

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1247 Қаулысымен);
      2) "2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1375 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiнде:
      2-тармақта "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен" деген сөздер " 2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және " 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1247 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі