Қазақстан халықтары Ассамблеясының оныншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 427 өкімі

      1. Қазақстан халықтары Ассамблеясының оныншы сессиясы "Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: тәжірибе, практика және перспективалар" деген күн тәртібімен Астана қаласында 2003 жылғы 23 желтоқсанда шақырылсын. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2003.11.26. N 431 өкімімен .

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті