"Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2351

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы негiзiнде қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкi арасындағы құрылымдық өзгерiстердi қолдауға арналған заем туралы Вашингтонда 1995 жылғы 12 маусымда қол қойылған келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi