"Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2338

      "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын U952337_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiретiн болсын;
      Осы Жарлықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi