"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегі N 2236 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Табысқа және капиталға салық салуда қос салық салуға

жол бермеу және салық салынудан жалтаруды болғызбау туралы 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi
арасындағы 1994 жылғы 21 қыркүйекте Алматыда қол қойылған 
Конвенция бекiтiлсiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
            Президентi