Әлеуметтiк саланың жекелеген тарамдарының қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 10 қаңтар N 2018. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      1. Алматы зергерлiк зауытын жаңғырту жұмысын мемлекеттiк қолдау, импорт бойынша технологиялық жабдықтар, қосалқы бұйым мен шикiзат сатып алу мақсатында Алматы зергерлiк зауытына қымбат металдан жасалған 70 кг зергерлiк бұйымдарды сыртқы рынокта сатуға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Алматы зергерлiк зауытына белгiленген тәртiппен аталған мөлшердегi зергерлiк бұйымдарды экспортқа шығаруға лицензия берсiн.

      Премьер-министр