Халықаралық "Интеграция" қоры туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 15 қазан 1994 ж. N 1934. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Халық шаруашылығының ғылым қолданылатын салаларында жобаларды жасау және жүзеге асыру, "Сарышаған" сынақ полигонының бұрынғы технологиялық алаңдарының бiрқатарын қайта бейiмдеу үшiн бюджеттен тыс инвестициялар тартуды жеделдету, сондай-ақ Приозерск қаласының бос тұрғын үй қорына халықты орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен "Сарышаған" сынақ полигонының iске қосылмай қалған шаруашылық алаңдарын, тұрғын үй және қонақ үй қорын, полигонның тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жекелеген объектiлердi Россия Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi мен мекемелерiнен қабылдап алуға және кейiннен, қажет болған жағдайда оларға ұзақ мерзiмге жалға беруге, балансқа өткiзуге немесе Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына, ұйымдары мен басқа да заңды ұйымдарына сатуға құқық беру туралы ұсынысы қабылдансын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi