Республикадан сырт жерлерге жiберiлетiн өнiмдер үшiн есеп айырысуды реттеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 шiлде N 1294. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Жүн нарығында қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, мал шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 9, 104-бап) 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1993 жылғы 1 шiлдеден бастап жүн экспортына (код ТН ВЭД 5101-5105) кедендiк баж салығының ставкасы кедендiк құнның 10 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi