Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің І бөліміне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 11 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің І бөлімі мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:

      "181. Дезинфекциялық құралдар (ЕАЭО СЭҚ ТН мына топтарынан: 28, 29, 33, 36, 38), ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау заттарынан басқа.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук