Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларының 61-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 133 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағының 15-тармақшасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1. 2015 жылғы 5 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 46 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларының 61-тармағына келесі өзгерістер енгізілсін:

      "-ге өзгерістер енгізу туралы" сөздерінен кейін "Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар," сөздерімен толықтырылсын;

      "әрбір өзгерісті негіздей отырып" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев