Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 16 желтоқсандағы № 125 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағы Комиссиясының № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне келесі өзгерістер енгізілсін:

      а) 13-тармақтың төртінші – алтыншы абзацтары алынып тасталсын;

      б) 15-тармақтың 20-тармақшасының бірінші абзацы (кестеден кейін) ", ал мұндай шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – мәміле бойынша коммерциялық құжаттарда көрсетілген мәліметтердің негізінде" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев