Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 123 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2015 жылғы 14 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің VII бөлімі мынадай мазмұндағы 382-тармақпен толықтырылсын:

"382. Еуразиялық экономикалық одақтың химиялық заттектер мен қоспалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу

2027 жылдың І тоқсаны".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
      комиссия Алқасының төрағасы Б. Сағынтаев