Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы № 70 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:

      а) мынадай мазмұндағы 32218 және 32219 позициялармен толықтырылсын:

      "

32218


МЕМСТ 35038-2023 "Астық негізіндегі өнім. Талқан. Техникалық шарттар"


32219

МЕМСТ 35041-2023 "Астық негізіндегі өнім. Сумолок. Техникалық шарттар"


      ";

      б) 519 және 542 позициялар алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
Б. Сұлтанов