Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағда

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 43 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 53 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 27 және 28-позииялармен толықтырылсын:

      "

27

4-қосымша 2, 5 және 8-баптар

МЕМСТ 35012-2023 "Тазартылмаған зығыр майы. Техникалық шарттар"


28

МЕМСТ 35013-2023 "Мақсары майы. Техникалық шарттар"


      ".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев