Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 11 наурыздағы № 25 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің VII бөлімі мынадай мазмұндағы 381-тармақпен толықтырылсын:

"381. Еуразиялық экономикалық одақ нарығында айналысқа шығаруға рұқсат етілген минералдық тыңайтқыштардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу

2026 ж.
І тоқсан".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев