Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 8 өкімінің 4-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2024 жылғы 1 қазандағы № 13 Өкімі.

      1. Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын реттеу шараларын іске асыруы жөніндегі негізгі тәсілдер туралы" № 8 өкімінің 4 тармағындағы "2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін" деген сөздер "2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан