Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесінің 1.1-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы № 113 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа шартқа №7 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне №1 қосымша) 1.1-бөлімінде D тізіміндегі 2-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Ауа баптағыштар және олардың сыртқы блоктары, жылу сорғылары

8415 10
8415 81 00
8415 82 000 0
8415 90 000 9-дан
8418 61 00
8418 69 000-ден".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев