Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің құрғақ өнімге қайта есептегенде құрамында 20 мас. % немесе одан көп марганец бар темірлі марганец кендері мен концентраттарын қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттарына қатысты кедендік

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 189 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 2602 00 000 0 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің құрғақ өнімге қайта есептегенде құрамында 20 мас. % немесе одан көп марганец бар темірлі марганец кендері мен концентраттарын қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттарына қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 2602 00 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "44С)" сілтемесі "86С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне тіркелген ескертпелерде:

      44С - ескерту күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 86С ескертумен толықтырылсын:

      "86С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.01.2024 бастап 31.12.2025 қоса алғанда қолданылады.".

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
М. Мясникович