Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгерістер енгізуге байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 24 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының халықаралық негізінің өзгеруіне байланысты (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 1/75 Шешімі) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 субпозициясынан кейін кодталмаған кіші субпозиция алынып тасталсын;

      б)  ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – қалдықтар мен сынықтар:";

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 1 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – германий";

      г) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 8 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – өзгелері";

      д)  ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 кіші субпозициясынан кейін кодталмаған кіші субпозицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – өзгелері:";

      е)  ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 410 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – ниобий (колумбий)";

      ж) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 810 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – индий";

      з) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 890 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – галлий";

      и) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – ванадий:";

      к) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 1 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – – титан құймаларын, қорытпаларын және слябтарын5) өндіруге арналған ванадий-алюминий лигатурасы";

      л) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 9 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – – өзгесі";

      м) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 950 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – – германий".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович