Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10.4.1-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 44 өкімі

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10.4.1-тармағында бесінші бағандағы "Алқа ұсынымдары" деген сөздер "мүше мемлекеттердің медициналық және эпидемиологиялық қызметтерінің трансшекаралық өзара іс-қимылының тиімді тетіктерін құру жөніндегі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук