Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ақпарат алмасу тәртібінің 5-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 156 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 59 шешімімен бекітілген Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ақпарат алмасу тәртібінің 5-тармағының "ж" – "и" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "ж) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары (2 жылда 1 рет);

      з) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын іске асыру туралы есеп (2 жылда 1 рет);

      и) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі (2 жылда 1 рет);".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович