Құжат түрлері мен мәліметтер сыныптауышына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 123 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құжат түрлері мен мәліметтер сыныптауышының 7-бөлімі (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне № 8 қосымша) 07040 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"07041

Берілген қамтамасыз ету туралы куәлік (Беларусь Республикасы үшін)".

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович