Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелінуіне немесе әкетілуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.25-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 71 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелінуіне немесе әкетілуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.25-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) тауардың атауы "Дәм-хош иіс беретін немесе бояйтын қоспалары жоқ шикі құрақ қант" деген позиция алып тасталсын;

      б) "*" белгісі бар сілтеме алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко