Асыл тастарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 48 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      Асыл тастарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 13 қосымшаға № 2 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.Одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған өңделген асыл тастарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

      а) өңделген асыл тастардың сандық және құндық мәндегі толық ассортиментін көрсететін тиеп-жөнелту ерекшелігі;

      б) № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша асыл тастарды дайындау үшін өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама;

      в) асыл тастардың шығу тегін (сатып алынуын) және оларды иелену заңдылығын растайтын құжаттар (келісімшарт, делдалдық шарт, беру актісі, ерекшелік (жиынтықталым ведомосы);

      г) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.";

      д) №5 қосымша алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович