Титан қалдықтары мен сынығына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 21 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 кодымен сыныпталатын титан қалдықтары мен сынығына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 коды бар позиция төртінші графада "90С)" ескертпеге сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 90С ескертпесімен толытырылсын:

      "90С) кедендік құнның 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 21 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.03.2024 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович