Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына радиоэлектрондық құралдарды және азаматтық түпмақсаттағы, соның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не құрамына кіретін жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаға өзгерістер енгізу т

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 18 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына радиоэлектрондық құралдарды және азаматтық түпмақсаттағы, соның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не құрамына кіретін жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) мынадай мазмұндағы 21-тармағымен толықтырылсын:

      "21. Магнитті-резонансты томографтар, мына радиожиілік жолақтарында жұмыс істейтін магнитті-резонансты томографтар жүйесі:

      13 560 кГц +/– 1,0 % немесе 13 424 – 13 696 кГц;

      14 600 кГц +/– 1,72 % немесе 14 348 – 14 852 кГц;

      40,68 МГц +/– 1,0 % немесе 40,2 – 41,1 МГц;

      63,8 МГц +/– 1,26 % или 62,90 – 64,61 МГц;

      81,36 МГц +/– 1,0 % немесе 80,5 – 82,2 МГц;

      127,7 МГц +/– 0,63 % немесе 126,8 – 128,51 МГц.";

      б) 3-тармақтың 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) құрамында радио сәулелендіруші құрылғылар жоқ, соның ішінде басқа құрылғыларға кіріктірілген не құрамына кіретін радио қабылдау құралдары;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович