Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы №78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 шешімі.

      2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 7-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 84-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары туралы" 2016 жылғы 3 қарашадағы №78 шешімінің 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) "б" тармақшасындағы "2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2021 жылғы 1 шілдеге дейін (Ресей Федерациясында – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) "в" тармақшасындағы "2016 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздер "2021 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі жұмысының техникалық шектеулерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында қарауға ұсынсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасына В. Григорян

Беларусь Республикасынан И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан А.Новиков

Ресей Федерациясынан А. Оверчук