Еуразиялық экономикалық комиссия жалғыз өнім берушіде орналастыратын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 64 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 69 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жалғыз өнім берушіде орналастыратын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің тізбесі мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук