Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің бензил спиртіне, ванилинге және этилванилинге қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 43 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2906 21 000 0, 2912 41 000 0 және 2912 42 000 0 кодтарымен сыныпталатын бензил спиртіне, ванилинге (4-гидрокси-3-метоксибензальдегид) және этилванилинге (3-этокси-4-гидроксибензальдегид) қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші графада ЕАЭО СЭҚ ТН 2906 21 000 0, 2912 41 000 0 және 2912 42 000 0 кодтары бар позициялар "73С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын";

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 73С ескертпесімен толықтырылсын:

      "73С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 43 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2022 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук