Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер жоспарының II бөліміне өзгеріс енгізу енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы No 8 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 31-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 42-позициямен толықтырылсын:

"42. Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі (КО ТР 022/2011)
(Техникалық регламенттің жекелеген ережелерін оны қолдану практикасын ескере отырып нақтылау бөлігіндегі № 4 өзгерістер, соның ішінде өсімдік (жануарлар) майының, майдың түрін дайындау кезінде қолданылатын өнім құрамындағы нұсқаулар)

Беларусь Республи-касы

мүше мемлекеттер

2021 жылдың
I тоқсаны

53".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Ж. Разаков

А. Оверчук