Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының II бөліміне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 31-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 41-позициямен толықтырылсын:

"41. Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы (КО ТР 019/2011) (Техникалық регламенттің қолданылу саласын және жекелеген ережелерін нақтылау, техникалық реттеудің жекелеген объектілеріне қойылатын талаптарды нақтылау, техникалық регламентке қосымшаларға өзгерістер енгізу бөлігінде № 2 өзгерістер)

Ресей Федерациясы

мүше мемлекеттер

2022 жылдың ІІ тоқсаны

37".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Ж. Разаков

А. Оверчук